Тағайындау • 29 Желтоқсан, 2022

Гүлсара Арыстанқұлова жаңа қызметке тағайындалды

529 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығы Ақорданың ресми сайтына жарияланды.

Гүлсара Арыстанқұлова жаңа қызметке тағайындалды

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Гүлсара Мерейқызы Арыстанқұлова Қазақстан Республикасының Монако Князьдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, БҰҰ Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды», делінген Жарлық мәтінінде.