Қаржы • 30 Желтоқсан, 2022

Доллар қымбаттады

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Доллар қымбаттады

Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 1,59 теңгеге көтеріліп, 462,65 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 30 желтоқсандағы бір долларға арналған ресми  бағамы 460,98 теңгені құрайды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір  Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 465,63 теңгеден сатып алынып, 469,22 теңгеден сатылуда. Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 463,45 теңге, сату – 467,79 теңге.