Қоғам • 03 Қаңтар, 2023

1 қаңтарда жедел жәрдем қызметіне 33 мыңға жуық қоңырау түскен

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше 1 қаңтардағы жұмыс күні ішінде Қазақстан бойынша жедел медициналық жәрдем қызметі 33370 шақыруға шықты. Бұл орташа айналымнан 20%-ға жоғары, деп хабарлайды Egemen.kz.

1 қаңтарда жедел жәрдем қызметіне 33 мыңға жуық қоңырау түскен

Бұл ретте бірінші санаттағы шұғыл қоңыраулар, мәселен: кеудедегі ауырсыну, шок, тыныс алудың тоқтауц және басқа жағдайлар 4%-ды құрайды.

Жеделдіктің екінші санаты қоңыраулардың 23%-ын немесе 23 575 құрайды. Бұл санатқа жүрек аурулары, атипті ауырсыну немесе оқшауланған жарақат және басқалар.

Шұғылдықтың үшінші санаты бойынша шақыртуға ЖМК бригадалары 9,5 мыңнан астам жағдайда (28%) шықты.

Шығудың ең үлкен үлесі — 4 санат (созылмалы аурулардың өршуі) - қоңыраулардың 45%-ын құрады.