Аймақтар • 03 Қаңтар, 2023

Қарағанды облысында 200-ден астам көлік кептеліп қалды

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысында қарлы боран салдарынан 200-ден астам көлік кептеліп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағанды облысында 200-ден астам көлік кептеліп қалды

Өңірдің ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, 3 қаңтар күні таңертең 4 бағыт бойынша жолдардың жабылуына байланысты полк пен патрульдік полиция батальонының нарядтары қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды.

Оңтүстік бағытта 30-ға жуық көлік тұрып қалса, солтүстікте 200-ге жуық көлік тұр.

«Батальон нарядтары автомашиналар колоннасын жақын елді мекенге дейін алып жүруді ұйымдастырды. Төтенше жағдайларды және жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін болдырмау мақсатында Қарағанды облысының полиция департаменті автокөлік жүргізушілеріне алыс сапарлардан бас тартуды және елді мекеннен тыс жерлерге шықпауды ұсынады», делінген ведомство хабарламасында.