Тағайындау • 04 Қаңтар, 2023

Үкімет Аппаратының басшысы тағайындалды

566 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкімет Аппаратының басшысы тағайындалды

Ғалымжан Қойшыбаев  1968 жылы 12 сәуірде Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1994 ж. – М.  В.Ломоносов атындағы ММУ, философия ғылымдарының кандидаты. 

1991-1994 жж. –  М.  В.Ломоносов атындағы ММУ, философия факультетінің аспиранты.

1995-1997 жж. – Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің атташесі. ІІІ хатшысы,  І хатшысы, кеңесші-елші.

1997-1998 жж. – Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің  І хатшысы, кеңесші-елші. 

1998-2004 жж. – Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің кеңесші-елшісі.  

2004 ж. –  ҰҚШҰ жанындағы Қазақстанның Өкілетті өкілі.

2004-2006 жж. – Президент Әкімшілігінің бас инспекторы.   

2006-2008 жж. – ҚР СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.

2008-2012 жж. –  Қазақстанның Литва Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, ҚР-ның Латвия, Эстониядағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы.

2012-2016 жж. –  Қазақстанның Финляндиядағы төтенше және өкілетті елшісі, Эстониядағы елші міндетін қоса атқарушы.

2016- 2019 жж. – Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары.  

2019 жылдың 18 қыркүйегінен бастап – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі кеңсесінің басшысы қызметін атқарған.