Есепті қонақтар ашты. Егор Коробкин қақпаға жақын тұрған Павел Акользинге керемет пас берді. Екі минуттан кейін магнитогорлықтар жылдам қарсы шабуыл ұйымдастырды. Брендан Лайпсик өз командасының артықшылығын нығайтты.
Тамерлан Гайтамиров ҚХЛ-дағы алғашқы шайбасын лақтырды. Сондай-ақ Александр Борисевич Энтони Луистің қақпаның артынан берген пасын ұтымды пайдаланып, гол соқты. Бұл шайба қазақстандықтарға жеңіс әкелді.
5 қаңтарда Андрей Скабелканың шәкірттері Хабаровскіде «Амурмен» ойнайды.