Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, бірінші партия аяғына таман брейк жасаған америкалық спортшы басым түсті – 7:5.
Екінші сетте есесіне қазақстандық теннисші 4:1 есебімен алға кетті. Сосын тағы бір брейкпен тәмамдады – 6:2.
Үшінші, шешуші партияда да Е.Рыбакина қарқынын бәсеңдеткен жоқ – 4:1. Тағы бір брейк – 5:1. Бұдан кейін қарсыласы есепті қысқартқанымен, Елена екінші рет матчқа доп бергенде, қателескен жоқ – 6:3.
Рыбакина ширек финалға шығу үшін әлемнің 69-ракеткасы, украиналық Марта Костюкпен кездеседі.