Аймақтар • 04 Қаңтар, 2023

Ақтөбе облысында қар құрсауында қалып қойған адам құтқарылды

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысы ТЖД құтқарушылары қар құрсауында қалып қойған 43 жастағы ер адамды құтқарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе облысында қар құрсауында қалып қойған адам құтқарылды

Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 қаңтар күні 19 сағат 20 минутта «Самара-Шымкент» тасжолының 1091 шақырымында  «Chanse» маркалы жеңіл автокөлігі бұзылып, 1 жолаушы жолда қалып қойған.

Құтқарушылар хабарламаны алған бойда ер адамды құтқаруға жолға шыққан. Аталған автокөлік 1053 шақырымдағы «Айнагүл» кемпигіне жеткізіліп, 43 жастағы ер адам құтқарылды.