Жоғалған 12 адам бір отбасының мүшелері болып шықты. Олар 31 желтоқсан күні өз ауылдарына кеткен екен. Екі күн бойы болған қатты боран салдарынан жолдардың барлығы жабылып, отбасы мүшелері кері қайта алмай, сол жерде қалып койған.
Отбасы мүшелері үйге оралмағандықтан, 3 қаңтар күні үйде қалған отбасы мүшесі оларды іздеу қажеттігін айтып құтқарушыларға хабар берген.
Құтқарушылар мүгедек әже мен екі қызды Түркістан қаласына эвакуациялады. Әжеге медициналық көмек қажет болған жағдайда, бұл жерге медицина қызметкерлерінің жетуі қиын болатын еді. Қалған 9 отбасы мүшесі ауылдағы үйде қалды. Олар эвакуациядан бас тартып, жол ашылған соң үйлеріне оралатынын айтты.
Айта кетейік, бүгін Түркістан облысы ТЖД 112 пультіне Бәйдібек ауданы Байжансай тауына екі авто көлікпен жолға шыққан адамдардың жоғалғаны туралы хабарлама түскен еді.