Оқиға • 05 Қаңтар, 2023

Шымбұлақта қар көшкіні болды

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті, ҚР ТЖМ «Казселденқорғау» ММ және «Қазгидромет» РМК қызметкерлері «Шымбұлақ» шаңғы базасы мен Талғар асуындағы қар көшкінінің алдын алу жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымбұлақта қар көшкіні болды

Қызметкерлер 500 текше метрден астам қарды төгіп, тау шаңғысы курортында демалып жатқан тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

«Жалпы Алматы облысында қар көшкіні қауіпі бар 165 орын белгіленген, оның ішінде «Медеу» ЕСК, «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты мен Үлкен Алматы көлінде орналасқан 18 қар көшкінінің орны қала тұрғындары мен туристері үшін ең қауіпті орын болып саналады», деп хабарлады Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

«Қазгидромет» және «Казселденқорғау» бекеттері қар көшкіні жағдайына тұрақты мониторинг жүргізеді. Шұғыл шараларды жүргізу үшін «Казселденқорғау» базасында жедел механикаландырылған бригада құрылды.

Мамандар бұл уақытта таулы аймаққа бармауға, тік қарлы беткейлерден сақ болуға, тау шаңғысы курорттарындағы қоршаудан асып кетпеуге кеңес береді. Қар көшкіні қаупі әлі де сақталады.