10 Маусым, 2014

Жетістікке жету жолында

427 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін
ректор Шайдаров М З  044 (1)Бүгінгі таңда еліміздің әлеумет­тік-экономикалық өмірінде, оның ішінде денсаулық сақтау және ме­ди­­циналық білім беру саласында ауқым­ды әрі оң өзгерістер болып жа­тыр. «Қазақстан-2050» Стратегия­сындағы басты бағыттардың бірі – денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесін жаңғырту, яғни сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет көрсету, емханаларды мате­риалдық-техни­калық жаб­дық­тау ісін жақсарту, профи­лактикалық медицинаны дамыту, қазіргі заманғы озық технологияларды енгізу. Жоғарыда аталған шаралар еліміздегі халық денсаулығын нығайтуға және мықты ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған. Денсаулық сақтау саласын дамытудың «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында қойылған негізгі міндет­тер қатары­на медициналық және фарма­цев­тикалық білім беруді жетілдіру жатады. Осы бағдарламалық құжатта денсаулық сақтау жүйесін дамытудың ана мен бала өлімін азайту, әлеуметтік тұрғыдан ма­ңызы бар аурулар санын азайту мақсаттары нақты көрсетілген. Сондай-ақ, оған қол жеткізудегі міндеттердің бірі – медицина саласына инновациялық технологияларды енгізу және дамыту. Бұл орайда «Саламатты Қазақ­стан» бағдарламасында көзделген бірқатар негізгі мақсаттар жүзеге асырылды. Мысалы, аналар өлімі 6,7%-ға, балалар өлімі 17%-ға азай­ды, ал халықтың өмір сүру ұзақтығы 70,3 жасқа жетті. Арнайы даярланған кәсіби ма­ман­дарсыз денсаулық сақтау жүйесінде атқарылып жатқан ауқымды жұ­мыстар тиімді болуы мүмкін емес. Медицина саласының мамандарын даярлайтын және кәсіби тұрғыдан үнемі дамытатын жоғары оқу орындарына жүктелген жауапкершілік зор. Қазіргі уақытта елімізде медицина саласының мамандарын даярлаумен 6 мемле­кеттік және 2 мемлекеттік емес жоғары оқу орны, сондай-ақ, көпса­лалы жоғары оқу орнын­дағы 2 медицина факультеті айналыса­ды. Жыл сайын республика бойынша шамамен жоғары медициналық және фарма­цевтикалық білімі бар 3 мың маман даяр­ла­нады. 2013 жылы жоғары және орташа медициналық білімі бар 32858 маман отандық медициналық білім беру және ғылы­ми ұйымдар базасында біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарында білім алды. Астана медицина университеті – елі­мізде ерекше қарқынмен дамып келе жатқан медициналық жоғары оқу орындарының бірі, оның өзіндік тарихы мен дәстүрі бар. Оқу орнының қызметі отандық денсаулық сақтау жүйесінің стратегиясын жүзеге асыруды барынша қамтамасыз ету мақсатында білім беруді, ғылым мен практиканы интеграциялауға бағытталған. Университеттің 16 мыңнан астам түлегі Қазақстанның медициналық ұйымдарында, сондай-ақ алыс-жақын шетелдердің клиникаларында қызмет атқарады. Оқу орда­сының қызметінің нәтижелеріне бірінші кезекте жұмыс­қа орналастыру көрсеткішін жатқызуға болады. Бұл көрсеткіш соңғы жылдары тұрақты түрде артып келеді. 2013 жылы түлектердің 98,8%-ы жұмысқа орналастырылды. q0v4tNkpQgQ - копия Болашақ мамандар даярлау­ сапасын арттыру мақсатында ЖОО-ны басқару стратегиясы же­тілді­рілді. Университеттің 2013 жылы ха­лық­аралық асессмент­тен өтуі және­ Еуропалық сапа менедж­менті қо­рының EFQM Кемелдік моделі­нің өлшемдері мен тұжырым­да­маларына сәйкес жоғары баға алуы – стратегияның ойдағыдай жүзеге асы­рылуының дәлелі болып табылады. Қазір­гі уақытта біз Кемелдік моделінің 5 жұлдызды сертификатының иегеріміз. Уни­верситетіміздің жетістіктерінің бірі ре­тін­­де өткен жылы ұлттық институциялық аккре­­диттеуден сәтті өткенін атауға болады. «Саламатты Қазақстан» мемле­кеттік бағдарламасын жүзеге асы­ру аясында университетіміз бака­лавриаттың «Сто­матология» маман­дығы және магистра­тураның «Медицина» мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларының ұлттық мамандандырылған аккре­диттеуінен өтті. Сонымен қатар, ACQUIN (Германия) аккредиттеу агенттігі МВА білім беру бағ­дар­ламаларын және бакалавриаттың «Қоғамдық денсаулық сақтау» ма­мандығы бойынша білім беру бағ­дарламасын халықаралық маман­дандырылған аккредиттеуден өткізді. Сондай-ақ, біз кейінгі кезде кәсіп­тік бағдар беру ісін дамыту және талапкер­лерді іріктеу сапа­сын арттыруға жауап­кер­шілік­ті арттырдық. Соңғы жылдары кәсіп­тік бағдар беру жұмысын жетіл­діру нәтижесінде бірінші курсқа қабылданған талапкерлердің сапа­лық құрамы айтарлықтай жақсар­ды. 2013 жылы 1-курсқа қабыл­данған студенттердің 30%-дан аста­мы – «Алтын белгi» иегерлері, респуб­ликалық және халықаралық пән олимпиадаларының жүлдегерлері. Болон декларациясының ұсы­нымдарына сәйкес университетіміз білім алушылардың академиялық ұтқырлығын дамытады. Студенттер «Жалпы медицина», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Фарма­ция» мамандықтары бойынша Литва, Польша, Италия университеттерінде білім алды. Қазіргі уақытта біз Ресей­дің, Гру­зияның, Болгария­ның, Чехия­ның, Латвия­ның меди­циналық университет­терімен ынтымақтастық туралы, оның ішінде акаде­миялық ұтқырлық жөнінде шарт жасасып жатырмыз. Университет «Қазақстан Республикасының медици­налық және фармацевтикалық білімді дамытудың 2011-2015 жылдарға арнал­ған тұжы­рымдамасына» сәйкес ауруха­налық басқару саласында іскерлік әкімшіліктендіру магистрлерін (МВА) даярлайды. Бұл бағдарлама бойынша магистрлер біздің университетте негізгі және бейіндік пәндерді оқиды да, шетелдік ЖОО-ларда міндетті тағылымдамадан өтеді, дәріс оқу үшін шетелдің ауруханалық менеджмент саласындағы жетекші мамандары арнайы шақыртылады. МВА бағдарламасы бойынша 4 жыл қатарынан түлектер оқу бітіріп шықты және ауруханалық басқару саласы бойынша 61 магистр даярлықтан өтті. Түлектердің барлығы да еліміздегі жетекші медициналық орталықтарда табысты еңбек етуде. Қазіргі заманғы жұмыс жағда­йын­­да тек терең білімге ғана емес, диагноз қою мен емдеуде инно­вациялық технологияларды енгізу машықтарына деген қажет­тілік туындауда. Мемле­кеттік саясаттың білім беру саласын­дағы қағидаты – қызмет барысында кәсіптік даярлықты үздіксіз жетілдіру. Университетте үздіксіз кәсіптік дамыту және қосымша білім беру факультеті 10 жылдан аса уақыттан бері жұмыс істеп келеді. Аталған факультет еліміз­дің солтүстік аймағындағы дәрігер­лердің біліктілігін арттырумен айналысады. Үздіксіз кәсіптік дамыту фа­культетінің кафедраларында білік­тілік арттырудан өткен дәрігерлердің саны жыл сайын артуда. Соңғы 3 жылда 10 мыңнан астам дәрігер біліктілік арттырды. Оқу орнының оқытушылары халық­аралық стандарттарға негіз­дел­ген білім беру бағдарла­малары мен кәсіптік бағдар­ламаларды жүзеге асырады, қашықтықтан оқытуда онлайн режімінде дәріс­терді, басқа да тұсаукесерлері көрсе­те­тін вебинарлар, оқыту барысында интерактивті тренажерлар, клини­калық жағдаяттардың стимуляторлары кеңінен қолданылады. ТМД елдері арасында алғаш рет эндохирургия кафедрасының профессоры О.Оспановтың жетекшілігімен 3D режімінде стерео-кескінді пайдаланып эндоскопиялық хирургия бойынша шеберлік-сынып өткізілді. Соңғы жылдары «инсульт орталықтарын» ұйымдастыру шеңберінде 400 дәрігер, қан айналым жүйесінің ауруларынан туындайтын өлім-жітімділікті азайту мәселелері бойынша 358 маман, ана мен бала өлімі мәселесі бойынша 106 педиатр мен акушер-гинеколог, онкологиялық аурулардан сақтану мәселесі бойынша 150 дәрігер оқудан өтті. Дәрісті өз кәсібінің шебері, жетекші ғалымдар А.Жүсіпова, С.Абдрахманова, С.Ысқақов өткізді. Оқытушы-профессорлар құра­мының ғылыми-зияткерлік әлеуеті тек био­меди­циналық ғылы­ми-зерттеу бағытында ғана емес, сараптамалық бағалау саласында да пайдаланылады. Мысалы, Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығымен клини­ка­лық хаттамаларды бейімдеу, жоғары мамандандырылған меди­цина­лық көмектің медициналық тех­нологияларын тәуелсіз бағалау саласында жасасқан өзара ынтымақ­тастық және дәрілік препарат­тардың республикалық формулярын құруға қатысуымыз соның дәлелі. Ғалымдарымыз бен оқыту­шыларымыз қолданбалы зерттеулер, оның ішінде халықаралық гранттар шеңберінде де ғылыми жобаларды орындайды. Академик, кафедра меңгерушісі Е.Даленов Профилактикалық медицина ғылыми мектебін құрды. Ғылыми мек­тептің құрамында ака­демик Т.Шарма­нов, академик, ҚР Валеология академия­сының пре­зиденті Л.Тель бар. Кафедра Дүние­жүзілік денсаулық сақтау ұйымы­ның Еуропалық аймақтық бюросымен, алыс-жақын шетелдердің ғалымдарымен ынтымақтастықта жұмыс істейді. Про­филактикалық медицина ғылыми мектебі «Аста­на тұрғындарының денсау­лығы және дұрыс тамақтану» қала­лық бағ­дарламасының бірлескен авторы. Медициналық радиобиоло­гия саласындағы белгілі ғалым П.Қазымбет біздегі радио­биоло­гия­лық зерттеу институтын басқара­ды. Ол республикамыздағы радиация­лық қауіпті кәсіпорындарда жұ­мыс істейтін қызметкерлердің радиация­лық қауіпсіздігін, иондаушы радиацияның техногенді көздерінен халыққа төнетін радиациялық қауіпті азайту әдістері бойынша ғылыми-зерттеулер жүргізетін жалғыз институт. Институттың зертханаларында Хиросима университетімен бірге, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырысы бойынша ғылыми-зерттеу бағдарламалары шеңберінде зерттеулер жүргізіледі. Қазақстан Рентгенорадиологтар қауым­дастығының президенті Ж.Хамзабаев пен Қазақстан Маммологтар қауым­дас­тығының президенті Р.Рахым­жанованың басшылығымен Қазақ­станда радио­логиялық қызмет­ті дамыту бойынша үлкен жұмыс атқарылуда. Радиология кафедра­сының базасында сәулелік диагностика және сәулелік терапия бойынша 2 мыңнан астам маман, «Радиология» мамандығы бойынша 20-дан астам резидент оқу бітірді. Т.Сейсембеков, Б.Ай­на­бекова, О.Цой, Н.Ор­лов­ский, Д.Мұхамбетов, В.Люст, Р.Төлебаев, Р.Бектаева сияқты профессорлар жоғары білікті мамандардың бірнеше буынын даярлап шығарды. Клиникалық кафедралардың мең­ге­рушілері мен оқытушылары респуб­ликалық және халықаралық кәсіптік қауымдастықтардың мүше­сі ретінде Астана қаласының тұрғын­дарына кеңес беріп, білікті меди­циналық көмек көрсетеді. Қызмет­керлеріміз білім беру жүйесін жетілді­руге, халықтың денсаулығы мен өмір сапасын арттыруға белсене қатыса­тындығын сеніммен айта аламыз. Үстіміздегі жылы Астана медицина университеті өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өтпекші. Мерейтой қарсаңында 2014 жылғы 5 қыркүйек күні «Медициналық білімді, ғылым мен практиканы интеграциялау» тақырыбында халықаралық конференция және университеттің 50 жылдығына арналған салтанатты шара өткізі­леді. Университеттің барлық түлек­терін және әріптес­терімізді университетіміздің мерейтойына шақырамыз. Астана медицина уни­верси­тетінің ұжымы Қазақстанның медицина саласының мамандарын алда келе жатқан кәсіби мереке – Медицина қызметкерлерінің күнімен құттық­тайды. Денсаулық сақтау саласының барлық мамандарына мықты ден­саулық, шығармашылық табыс, отбасыларына амандық тілейміз. Мәжит ШАЙДАРОВ, «Астана медицина университеті» АҚ ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор. АСТАНА.