Аймақтар • 06 Қаңтар, 2023

ШҚО құтқарушылары Ресейдің 12 азаматын эвакуациялады

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Шемонаиха ауданындағы «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» республикалық маңызы бар автожолда 12 адам қар құрсауында қалып қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО құтқарушылары Ресейдің 12 азаматын эвакуациялады

ТЖМ баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, оларға көмекке ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жол талғамайтын  «ТРЭКОЛ» автокөлігімен барған. Осылайша Ресей Федерациясының 12 азаматы, оның ішінде 2 бала қауіпті аймақтан эвакуацияланған.

«Адамдар Шемонаиха қаласының қонақүйіне орналастырылды. Онда жергілікті атқарушы органдар тамақ пен жылытуды ұйымдастырды. Қазір өңірде 15 автожол жабық күйінде қалып отыр», делінген хабарламада.

ШҚО ТЖД азаматтардан ауа райы тұрақтанғанша барлық сапарларды тоқтатуды сұрады. Өңірде дауыл болатыны туралы ескерту жарияланған. Ауа райы туралы «Дармен» мобильді қосымшасынан білуге болады.