«Сағат 10:00-ден бастап ауа райының нашарлауына, желдің және боранның күшеюіне байланысты А-16 Жезқазған – Петропавл жолының 252-учаскесінде республикалық маңызы бар автокөліктің барлық түрі үшін тасжолды жабу туралы шешім қабылданды», деп хабарлады Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінен.
Бұған дейін облыстың 13 ауданында қарлы боран салдарынан 82 елді мекенге қатынайтын жолдардың жабылғаны хабарланған еді.