Қазақстан • 06 Қаңтар, 2023

Өскемен және Шүлбі ГЭС-і «Самұрық-Қазынаға» өтеді

436 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Үкіметі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге кейбір жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекеттік қатысу үлестерін беру туралы» 2022 жылғы 20 желтоқсандағы қаулыны қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz

Өскемен және Шүлбі ГЭС-і «Самұрық-Қазынаға» өтеді

«Өскемен ГЭС АЭС» және «Шүлбі ГЭС АЭС» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріндегі мемлекеттік қатысу үлестері Ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілген тиісті саланың уәкілетті органының оң салалық қорытындысын алған жағдайда «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының акцияларына ақы төлеуге берілсін», делінген құжатта.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.