Қоғам • 06 Қаңтар, 2023

Александр Данилов қызметінен кетті

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Александр Данилов Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен өз еркімен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Александр Данилов қызметінен кетті

«Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Александр Сергеевич Данилов берілген өтінішке сәйкес Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды», делінген Primeminister.kz сайтының хабарламасында.

Александр Данилов 1991 жылы 16 желтоқсанда Қарағандыда дүниеге келген.

Ол Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын қоғамдық секторда бастаған, әр жылдары бірқатар жастар қоғамдық ұйымдарының басшысы болды. Сондай-ақ жеке ұйымдарда басшылық қызметтер атқарды. 2020 жылдың шілдесінен 2022 жылдың қаңтарына дейін Stopfake.kz жобасының жетекшісі болды.

2022 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарды.

Соңғы жаңалықтар

Өнеркәсіп қуатын арттыру міндеті

Экономика • Бүгін, 09:45

Серіктестік құқы қорғалды

Инвестиция • Бүгін, 09:18

Көмірдің жылдағы жыры

Мәселе • Бүгін, 09:10

Халық тілегі қалыс қалмайды

Аймақтар • Бүгін, 08:57

Тұмаудан амансыз ба?

Денсаулық • Бүгін, 08:52

Алаяқтарға қарсы күрес күшейді

Аймақтар • Бүгін, 08:48

Мал ұрлығы мазаны алып тұр

Қылмыс • Бүгін, 08:45

«Cyberpol»-ға жұмыс көп

Құқық • Бүгін, 08:43