Ведомствоның мәліметінше, жоғалған адамдар Бұрмаш қыстауынан табылған. Зардап шеккендер жоқ, медициналық көмек қажет болмаған. Табылған адамдардың айтуынша, олар шыққан көлік 12 км қашықтықтағы Бұрмаш қыстауының жанында қар кептелісінде қалып қойған.
Естеріңізге сала кетейік, 4 қаңтарда 2 қаңтар күні Қарсақпай кентінен үш адам көлікпен Бұрмаш қыстауына шығып, байланысқа шықпағаны туралы өтініш келіп түскен болатын. Адамдарды іздеу жұмыстары бір тәуліктен астам уақытқа созылды. Жоғалған екі адамды іздеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.
Ұлытау облысының ТЖ департаменті қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі туралы ескертті.