Білім • 06 Қаңтар, 2023

Биыл ЖОО-ларда оқу ақысы қымбаттай ма?

460 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев қазақстандық жоғары оқу орындарында оқу ақысын көтеру мәселесіне түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл ЖОО-ларда оқу ақысы қымбаттай ма?

«Жыл сайын біз университеттерден оқу ақысын көтермеуді сұраймыз, бірақ нарықтағы бағаның өзгеруіне байланысты ЖОО-лар оқу құнын инфляция сандарына байланысты қайта қарайды», деп түсіндірді Қуаныш Ерғалиев.

Бұл ретте вице-министр өткен жылғы инфляцияны мысал ретінде келтірді.

«Мәселен, өткен жылы, инфляция 14%-ды құрады, кейбір жоғары оқу орындары да оқу ақысын 14%-ға көтерді. Әрине, біз жоғары оқу орындарын оқу ақысын көтермеуге шақырамыз, бірақ жағдай экономикалық жағынан әр түрлі болуы мүмкін», деп атап өтті Қуаныш Ерғалиев.

Оның айтуынша, әр университеттің өзіндік құны бар, орташа көрсеткіш - жылына 300-400 мың теңге. Бірақ кейбір университеттерде жылдық оқу ақысы 500-600 мың теңгеден де асады.

«Оқу құны - өзекті мәселе, келісемін. Айта кетсек, оқу ақысын жоғары оқу орындарының өздері анықтауға құқылы. Оқу ақысы олардың шығындарына да байланысты өзгеруі мүмкін. Барлығы экономикаға байланысты. Инфляция деңгейіндегі өсу - бұл табиғи процесс», деп қосты вице-министр. 

Жалпы, Қазақстанда 600 мың студент бар. Олардың шамамен 40%-ы грантта оқыса, қалған 60%-ы ақылы негізде оқиды.