5 қаңтардан 6 қаңтарға қараған түні қаладан 53 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл – 3 661 жүк көлігіне тең.
Бүгінде елорда бойынша қар күреу жұмысына екі мыңнан астам жол жұмысшысы мен 1,3 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.
Ең алдымен жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды аймақтар тазартылады. Сондай-ақ қарқыны орташа учаскелер, атап айтқанда алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар тазартылады.
Айта кетсек, 6 қаңтарға қараған түні «Қазгидромет» РМК деректері бойынша, жауын-шашын мөлшері 5,2 мм, ал қардың биіктігі – 39 см құрады. 2023 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда (0,8 мм) жауын-шашын мөлшері алты есе өскен.
Қыс мезгілі басталғалы бері коммуналдық қызметтер қаладан 1,4 миллион текше метрден астам қар шығарды, бұл 113 мыңнан астам жүк көлігіне тең.