Спорт • 06 Қаңтар, 2023

Қазақстандық биатлоншылар Әлем кубогында өнер көрсетті

385 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Словенияның Поклюк қаласында биатлоннан Әлем кубогының кезеңі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық биатлоншылар Әлем кубогында өнер көрсетті

Спортшылар 7,5 шақырымда жарысты. Швециядан келген Эльвира Эберг бұл тапсырманы ең жылдам орындады. Франциялық спортшы Джулиа Симон мәре сызығын екінші болып кесті.  Ал итальяндық Доротея Вирер үшінші нәтиже көрсетті.

Қазақстан сапынан өнер көрсеткен Людмила Ахатова 90-шы орынды иеленсе, Полина Егорова 93-ші, ал Анастасия Кондратьева 94-ші болды.