Қаржы • 06 Қаңтар, 2023

Жастарға жеңілдетілген шағын несие беру ережелері бекітілді

1590 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық кәсіпкерлікті дамыту жобасы аясында жастарға жеңілдетілген шағын несие беру қағидаларын бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жастарға жеңілдетілген шағын несие беру ережелері бекітілді

Кәсіпкерлік қызметті бастауға ниет білдірген немесе кәсіпкерлікпен айналысатын 21-35 жас аралығындағы жастарға шағын несиелер конкурстық негізде беріледі.

Несие «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы жүзеге асады. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5%-дан аспайды. Несиенің максималды сомасы 5 миллион теңгегені құрайды, сондай-ақ кепілзаттың болуы міндеттеледі.

Шағын несиелерді кез келген мақсат үшін 5 жылға, ал мал шаруашылығына 7 жылға дейінгі мерзімге алуға болады.

Сондай-ақ негізгі берешек пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдік кезеңі көзделген, ол шағын несиелеу мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайды.

Қазіргі уақытта министрлік жергілікті атқарушы органдармен несиелік шарттар жасасу, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-мен жергілікті атқарушы органдарды бекітуге шарт жасасу, сондай-ақ бизнес-жобаларды қарау үшін өңірлік комиссиялар құру бойынша жұмыс атқарып жатыр.
Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50