Әлем • 07 Қаңтар, 2023

Таиланд вакцинация талаптарын қайта енгізеді

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2023 жылдың 9 қаңтарынан бастап Таиландқа ұшатын 18 жастан асқан жолаушылар кемінде екі доза мөлшерінде толық вакцинацилау туралы анықтаманы алуы тиіс, деп хабарлайды Egemen.kz.

Таиланд вакцинация талаптарын қайта енгізеді

«18 жастан асқан жолаушылар кемінде екі доза мөлшерінде толық вакцинацилау туралы анықтаманы (вакцинаның екінші компоненті елге келгенге дейін кемінде 14 күн) алуы тиіс. Сондай-ақ турист соңғы алты айдан кешіктірмей (180 күн) дәрігерден алынған коронавирустан айығуды растайтын анықтаманы немесе вакциналаудан босату туралы хат-негіздемені көрсетуі қажет. Вакцина алмаған жолаушы дәрігерден себебін көрсететін хат ұсынуы керек», деп хабарлады «Air Astana» әуе компаниясының баспасөз қызметінен.

ДДҰ мен Таиландтың Қоғамдық денсаулық сақтау министрлігі мақұлдаған вакциналардың тізімін мына сілтеме арқылы көруге болады.

Айта кетсек, Тайландта коронавирус жұқтырып алып, өз елінің талаптары қайтуға рұқсат бермейтін жолаушыларда коронавирустан емделу шығындарын қарастыратын медициналық сақтандыруы болуы керек. Жұмыс бойынша саяхаттаушылар, оның ішінде экипаж мүшелері бұл талапты орындау үшін қабылдаушы жақтан хат ұсына алады. 

Вакцинация мен сақтандыру талабының тай паспорты барларға, сондай-ақ транзитпен саяхаттаушы жолаушыларға қатысы жоқ. Олар баратын елінің талабын сақтауы керек.