Автобуста 23 жолаушы болған, оның ішінде 5 бала.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, көлік Жезқазған қаласынан шығып, ауа райының қолайсыздығына және көлік құралының техникалық ақауына байланысты межелі жерге жете алмаған.
«Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері барлық жолаушыларды эвакуациялап, Ұлытау ауылына жеткізді. Адамдарды эвакуациялау үшін Ұлытау ауданы әкімдігінен 1 техника (Вахтовка) бөлінді», делінген хабарламада.
Зардап шеккендер жоқ, эвакуацияланғандарға медициналық көмек қажет болған жоқ.