Ғылым • 09 Қаңтар, 2023

Оралдық ғалымдар – «Болашақ» иегері

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің үш оқытушысы шетелде кадрлар даярлау бо­йын­ша «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды.

Оралдық ғалымдар – «Болашақ» иегері

Олар енді шетелдік жоғары оқу орындарында ғылыми тағылымдамадан өтеді.

Университет құрамындағы «Политехникалық институт» директорының орынбасары, техника ғылымдарының кандидаты Сәбина Хайруллина мен «Агротехнология инсти­тутының» доценті міндетін атқа­рушы, PhD докторы Арай­гүл Жұмаева Беларусь елін­дегі мемлекеттік аграрлық-техни­калық университетінде ғылы­ми тәжірибе толықтырады. Сә­бина Ғұмарқызы «Ауыл шаруа­шылығы техникасын дамыту мен ауыл шаруашылығын цифр­­ландырудың өзекті мәселе­­лері» бағыты бойынша алты ай білімін жетілдірсе, Арайгүл Қажмұқанбетқызы «Тағам қа­уіпсіздігі» мамандығы бойын­ша бір жыл іс-тәжірибесін то­лықтырады.

Ал «Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы» институтының аға оқытушысы, магистр Айнұр Дәулетова К.А.Ти­ми­рязев атындағы Мәс­кеу ауылшаруашылық академиясында мал шаруашылығы, соның ішінде құс шаруашылығы бағытында алты ай ғылыми тағы­лымдамадан өту үшін Ресейге жол жүреді.

Айта кетейік, бұған дейін де Жәңгір хан университетінің қос ғалымы «Болашақ» халықаралық стипендиясын жеңіп алған болатын.

 

Батыс Қазақстан облысы