Заңғар жазушы Оралхан Бөкейдің «Ардақ» атты әңгімесінде: «Қожа шешесінің қабірін жалғыз қазды. Тас шыққан жоқ, суыр топырақты жұмсақ екен. Жаңа ғана көмілген жас қабірдің басында үшеу тұр: Қожа, әйелі және төрт-бес жасар Ардақ. Өлі-тірінің не екенін парықтауға жетпеген сәби, жаңа ғана ұйқтап жатқан әжесінің, анау топырақтың астында көміліп қалғанын байыптай алмай аң-таң. Бала тілімен балдырлап, қайта-қайта қабірді ымдап көрсете береді. Қожаның ойы алай-дүлей. Ол шешесімен ұзақ бақылдасып, ағыл-тегіл сырласқысы, әрі қарай тіршілік кешудің жөн-жосығын сұрағысы келді-ақ. Ананың асылдығы тірі кезінде білінбейді екен. Кімнің болсын, көзі тірісінде қадірі болмайды ғой», деген көкіректі ашытар сөйлемдер бар.

Қалай десек те, автор мұнда кейіпкерінің жалғыздығы, шарасыздығы, үмітінің сөнгенін айту арқылы өткен ғасырдың басындағы қазақ халқының басына түскен ауыр тағдырды, жүректен өшпейтін трагедияларды қайыра еске салып отырғаны шындық. Жалғыздық демекші, кейіпкер Қожаның ұлы да, қызы да, жалғыз Ардақ. Бірақ ол сақау. Қожаның иен далада ауылынан ауа көшіп, саяқ кетуінің де бір себебі – осы. Қалай қарасаң да, оны жалғыздық қоршап тұрады. Еліне қайта көшіп барса да, алдынан сол жалғыздық шығады. Өсек, ағайын ара берекесіздік, реніш пен өкпе бәрі-бәрі оны жалғыздық қамалына қамап тынады.
«Қожа, Ардақ сақау ма? – деді. Қапелімде не дерін білмей сасқалақтап қалған Қожа:
– Жо-жоқ, өзі еркелеп сөйлейді, деп қызарақтай жауап берді. Бірақ Алмас әкесіне: сақауланып сөйлейтінін, тіпті өзінің қыз екенін білмейтінін айтып қойды. Шалабай мырс-мырс күліп, бәлем, бар күйікті осы ерке қызыңнан тарттырамын деп, атын бауырына тартып-тартып жіберіп, борт-борт желе жөнелді. Осыдан бір ай өткен соң, Қожаның жалғыз қызы сақау екен деген лақап бүкіл аймақты кезіп жүрді». Әңгімені оқып отырып, Ардақтың да, әкесінің де тағдырына балта шапқан сол бір ескі көзқарас, бақастық пен бақталастық екенін сезінеміз де, ішіміз удай ашиды. Абай ілімін көкейіне мықтап түйген жазушы Хакімнің «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос», деген даналық тәпсірін қазаққа қайта айтып отыр ма деген ой да сап ете түседі. Қалай десе те, адамның тағдыры оның ұлтының тағдыры.
Әңгіменің аяқталуы да тағдырдың ісі дегенді еске салады. «– Әкесінің аузын ұрайын! Байға тимесе – тимей-ақ қойсын. Артымда ат ұстайтын тұяқ қалды... Кемпір, әй, қатын, мына жылбысқа еркек бала ғой! – деп, Марқақөлге бір малып ап қойнына тыға салды.
Сәбидің дүниеге келу мінін өз мойнына алған Марқақөл: «әкең менмін, әкең менмін» деп, тебірене күбірлеп жатыр...». Иә, мына өмірде қаншама Ардақ жазықсыз азап көріп, қаншама Марқакөл оған әке, ана ретінде дем беріп отыр кім білсін!
Оралхан Бөкейдің шығармашылық әлемін қалың оқырманға танытқан тағы бір туындысы «Атау кере» романы. Аталған шығарманың басты кейіпкерлері – Таған, Ерік, Айна. Таған бәрінен хабардар, жаңалыққа ұмтылған жас аспирант. Бірақ оның тағдыры басқа арнаға бұрылады. Жазушы сол кездегі қоғамның күрделі мәселелерін кейіпкер Тағанның аузымен айтқызады. Сондағы тапқан сәтті шешімі «Неге біз осы...» деген ұлы сұрақтың астында бәрі ашық айтылады. «Оу, ағайын, ес-ақылдарыңды жиыңдар! Біз қатыгезденіп барамыз. Біз имансызданып барамыз. Біз айналайын анамыздың ақ сүтін ақтай алмай жүрміз, бір күнгі қызды-қызды қызыққа мастанып, тасыраңдап кеттік, көзімізді шел басты, көңіліміз көр, жігеріміз құм болып, құрдым дәуреннің әләуләйін шырқап жүрміз; тамаша өмірдің тасқынымен ығып, ығысып ағамыз келіп, ағысқа қарсы жүзу не жағалауға қарай ұмтылу жоқ». Міне, Таған сол кезде байқаған мәселелер біздің жанымызда, рухымызда, қоғамымызда әлі бар. Тағанша айтсақ, «Неге біз осы?». Жазушы «Атау кере» арқылы тек ұлттық қана емес, бүкіл дүниежүзілік мәселелерді ақ қағазға жайып салады. Қалай десек те, бізге белгілі әрі белгісіз Оралханның әртүрлі кейіпкерлері өз заманының сөзін кітап бетінен оқырман жүрегіне жеткізе алған кейіпкерлер болғаны шындық.
Көктемнің соңғы күнінде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 16:35
Қаржы • Бүгін, 16:10
«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек...» атты кеш өтті
Мәдениет • Бүгін, 15:53
Ата-ана құқығынан айырылуға не себеп болады?
Қоғам • Бүгін, 15:49
Қазақ балуандары – Азия чемпионатының жеңімпаздары
Спорт • Бүгін, 15:38
Мемлекет басшысы Ерлан Қошановты қабылдады
Президент • Бүгін, 15:34
Мәдениет саласының ардагерлеріне әлеуметтік көмек көрсетіледі
Мәдениет • Бүгін, 15:20
Индустриялық даму комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:10
Алматыда қайыр сұрап, құлдықта болған зейнеткерге көмек көрсетілді
Аймақтар • Бүгін, 15:08
Елордада Мемлекеттік рәміздер күніне орай онлайн конкурс өткізіледі
Елорда • Бүгін, 14:51
Астанада мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өтті
Елорда • Бүгін, 14:43
Әуе маршруттарын субсидиялауға 7,2 млрд теңге бөлінді
Қоғам • Бүгін, 14:33
Алты өңірде АИТВ жұқтыру дерегі артты
Медицина • Бүгін, 14:00
Қаржы министрі зейнетақы жинағын ерте шешіп алмауға кеңес берді
Қаржы • Бүгін, 13:25
Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Саясат • Бүгін, 13:20
Шымкентте екі полицей пара алды деген күдікке ілінді
Қоғам • Бүгін, 12:55
Астанада студенттерге арналған 5 жатақхана салынады
Елорда • Бүгін, 12:42
Журналистерге арналған «Парасат» конкурсы басталды
Қоғам • Бүгін, 12:30
Жалған ақпарат таратқан блогерлер жауапқа тартылады
Қоғам • Бүгін, 12:17
Балаларға арналған тегін үйірмелерге 86,7 млрд теңге бөлінді
Қоғам • Бүгін, 12:05
Сенаторлар босқындар мәселесін талқылады
Саясат • Бүгін, 11:50
Абай облысында 30 млн ағаш отырғызылады
Қоғам • Бүгін, 11:47
Автокөліктерге арналған VIP нөмірлерді онлайн сатып алуға болады
Қоғам • Бүгін, 11:33
«TikTok» желісінде құмар ойын ұйымдастырғандар сотталды
Қоғам • Бүгін, 11:26
Елімізде 9 жаңа халықаралық әуе маршруты ашылады
Қоғам • Бүгін, 11:17
Қазақстан елшісі Әзербайжан президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Саясат • Бүгін, 11:08
Осы аптада өтетін мәдени-спорттық іс-шаралар
Қоғам • Бүгін, 10:50
Үкіметте газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
Үкімет • Бүгін, 10:43
Қытайда жұмыссыз жастар көбейді
Әлем • Бүгін, 10:35
Қазақстанда запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады
Әскер • Бүгін, 10:27
Латын әліпбиіне көшетін түркітілдес елдерге қолдау көрсетіледі
Қоғам • Бүгін, 10:12
«Жолдасымның ғашық болғанын аңғардым» - «Нурикамал» әнінің шығу тарихы
Өнер • Бүгін, 10:03
Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
Экология • Бүгін, 09:55
Алматы тауларында адасып кеткен туристер құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 09:45
Алматыдағы танымал фастфуд дүкені өртенді
Қоғам • Бүгін, 09:30
«Семей орманы» табиғи резерватының басшылары сотталды
ANTIKOR • Бүгін, 09:23
30 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:12
280-нен астам инвестициялық жоба іске қосылады
Инвестиция • Бүгін, 09:05
Үкімет сағаты: Инвестициялық ахуалды жақсарту
Сенат • Бүгін, 08:59
Жылу мен су тапшылығы шуға айналды
Мәселе • Бүгін, 08:55
Ұқсас жаңалықтар