Теннис • 09 Қаңтар, 2023

Қазақстандық теннисшілер шетелде жеңіліс тапты

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның үздік теннисшілері Елена Рыбакина мен Александр Бублик Австралия мен Жаңа Зеландиядағы дебюттік жекпе-жектерін жеңіліспен бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық теннисшілер шетелде жеңіліс тапты

Елена Рыбакина Аделаидадағы WTA 500 турнирінің екінші айналымына шығып, Чехия өкілі Петра Квитовадан 3:6, 5:7 есебімен жеңіліп қалды. Ал Қазақстанның ерлер арасындағы алғашқы ракеткасы Александр Бублик Оклендте өткен жарыстардың екінші кезеңіне шыға алмады. ATP 250 сериясындағы жарыстарда қазақстандық теннисші бельгиялық Дэвид Гоффеннен оза алмады. Матч 3:6, 4:6 есебімен аяқталды.

Айта кетсек, Елена мен Александр аталған турнирлердегі жекпе-жектерін әлі де жалғастырады.