Аймақтар • 09 Қаңтар, 2023

Қызылорда облысында мектеп директорлары ірі мөлшерде қаржы жымқырған

404 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында білім ордаларынан былық шықты. Аймақтағы сегіз мектептің директоры мен есепшілері ірі мөлшерде мемлекет қаржысын жымқырғаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.

Қызылорда облысында мектеп директорлары ірі мөлшерде қаржы жымқырған

Бүгінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттерін жүргізіп жатыр.

Алты заңбұзушылық дерек бір ғана Жаңақорған ауданында тіркеліп отыр. Жауаптылар мектепте мүлдем жұмыс істемейтін тұлғаларға еңбекақы аударып, құжаттарды бұрмалап келген.

Сондай-ақ Қызылорда қаласындағы №112 мектептің күзетшісіне бір айда 6 миллион теңге үстемақы төленген. Осындай сыбайлас жемқорлық деректерінен кейін облыстағы барлық білім ошақтарына жіті тексеру жүргізілмек.

«Тек бір ғана №51 орта мектеп бойынша ұрланған қаражат көлемі 117 миллион теңгені құрайды. Аталған құқық бұзушылықтар жауапты тұлғалармен еңбекақы қоры қаражаттарын төлеу барысында тиісті ақпаратты жүйелердің кемшіліктерін пайдалана отырып жасаған деген негіздер бар», деді облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Асылхан Ашықов.