Қазақ ұлттық аграрлық университетінде биыл төртінші рет өткізіліп отырған Халықаралық жазғы магистрлік мектеп аясында «Биотехнология және тағам қауіпсіздігі», «Су ресурстарын басқару», «Жасыл экономика», «Топырақтану және агрохимия», «Ветеринария», «Орман ресурстарын басқару», «Экоэнергия» дайындық бағыттары бойынша өзекті мәселелер талқыланып, 240 магистрантқа білімдерін жоғарылатуға және тәжірибе жинақтауға мол мүмкіндік берілмек.
– Университетіміз халықаралық жазғы мектепке жыл сайын талап тұрғысынан көңіл бөліп отыруды қалыптасқан дәстүрге айналдырған, – деді жиынның салтанатты ашылуында ректор, академик Тілектес Есполов. – ҚазҰАУ еліміздегі және шетелдердегі алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен, зерттеу мекемелерімен тығыз байланыста. Олармен бірлесе отырып, зерттеу жобаларын жүзеге асырып келеді. Бүгінде еліміздегі жоғары оқу орындарында әлемдегі озық тәжірибелерді пайдалана отырып, халықаралық ғылыми және білім беру кеңістігіне интеграцияланудың тиімді тетіктерін жасау қажеттілігі пайда болды. Болон үдерісіне жоғары оқу орындарының толыққанды қатынасуының міндетті шарты болып табылатын академиялық ұтқырлықты біздің университетіміз халықаралық білім беру кеңістігіне динамикалық түрде кірудің маңызды құрамдас элементі ретінде қарастырады.
Қалай дегенде де, Халықаралық жазғы магистрлік мектеп – магистранттарға кәсіби құзыреттілігін жоғарылатуға, тәжірибелік дағды алуға, сондай-ақ, шетелдік ғалымдармен байланыс орнатуға берілген мүмкіндік.
– Әлемнің әр елінен келген профессор өз білімдерімен, пікірлерімен тәжірибелерімен бөлісіп, әрі қарай ынтымақтастықта жұмыс істеуді мақсат етеді. Мәселен, мен ауыл шаруашылығындағы бизнес пен менеджмент тақырыбында дәріс оқимын. Алматыға екінші рет келуім. Біздің Иллинойс университетінде 9 мың шетелдік студенттер оқиды. Бұл жөнінен Америкада екінші орындамыз. Қазақстаннан да жастар көп келіп оқиды. ҚазҰАУ – осындай жазғы мектепте оқытуға өте ыңғайлы. Әрі ұйымдастыру жағынан басшылардың жұмысын атап өткім келеді, – деді Иллинойс университетінің профессоры (АҚШ) Клеменс Ланс Матью.
Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету бүгінде дүниежүзіндегі ең басты проблеманың бірі. Өйткені, қазір неше түрлі тағамдар шығарылуда. Сол тағамдардың қауіпсіздігі қаншалықты, олардың барлығы пайдалы ма деген сауалдардың өздігінен туындары хақ. Сондықтан ғылымның дамыған кезінде биотехнология саласы бойынша да тағамдар өндірілетіндіктен, қандай тағамдарды қолданып жүргенімізді білуіміз керек. Міне, осы өзекті мәселе де халықаралық мектепте кеңінен талқыланбақ. Журналистік қызығушылықпен осы жайында шетелдік және өз ғалымдарымызды сөзге тартқан едік.
Путра университетінің профессоры Чин Нук Линг (Малайзия) ханым Малазияда биотехнология мен тамақтың қауіпсіздігіне үлкен маңыз беріліп, халық тұтынатын азық-түлік тағамдары ауа райының қолайсыздығына, мезгіліне қарамастан тексерілетінін, әсіресе, онда күріштің сапасына үлкен ден қойылатынын, өйткені, елдің көпшілігі осы тағамды өте көп мөлшерде қолданатындықтан оның сапалы, әрі қауіпсіз болуы қажеттігін айтса, Қазақстанға үшінші рет келген Шығыс Финляндия университетінің профессоры Атте вон Райт ол елде де биотехнология өте жоғары деңгейде дамығанын тілге тиек етті.
– Өйткені, мемлекет тағам қауіпсіздігін өз қолына алып, қазір олардың бәрі тағам қауіпсіздігімен айналысатын ғылыми орталық, кәсіпорындарға айналды, – деді финдік профессор. – Егер тамақтан улану, т.б. келеңсіз жағдайлар болса, сол тағамды өндіретін өндірушілер, кәсіпорындар жауап береді. Біздің университет пен ҚазҰАУ-дың арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынас 2011 жылдан жалғасуда. Осы жылдар ішінде екі университет дипломнан кейінгі білім беруде «Жасыл экономика» және «Биотехнология мен қауіпсіз тағам» жөнінде магистрлік бағдарламаны қолға алды. Қазір біздер осы оқу орнынан студенттердің келуін күтіп отырмыз.
Ал ҚазҰАУ-дың азық-түлік технологиясы және тағам қауіпсіздігі кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының докторы Әсия Серікбаеваның да өз айтар тұжырымы бар.
– 1913 жылы бекітілген техникалық регламент бойынша әрбір тағамның өзінің сапасы мен қауіпсіздігін анықтайтын параметрі бар. Жалпы адам ағзасына түсетін 70 пайыз қауіпті заттар тағам арқылы келеді. Олар биологиялық, физикалық және химиялық болып бөлінеді. Яғни, биологиялық – ол ауру туғызатын бактериялар мен микробтар. Химиялық – тағамға дәм беретін, ұзақ сақтайтын, түсін өзгертетін, т.б. неше түрлі қоспалар. Әсіресе, қазір ғылымның дамыған кезінде олардың түрі өте көп. Мысалы, қантты алмастырушы заттың мыңға жуық түрі бар десек, оның 300-не ғана рұқсат береді. Шетелден қаншама тамақ өнімдері келіп жатыр. Біздің елде оны кім тексереді, кім жауап береді? Мысалы, сүт өнімдерінің қаншама түрі бар. Олар кептірілген немесе табиғи сүттен жасалуы мүмкін. Міне, соның бәрін біліп, зерттейтін, тексеретін де, түсіндіретін, насихаттайтын жаңа мамандық иелері ашылып жатыр. Ол – биотехнология және тағам қауіпсіздігі мамандығы.
Әсия Демеуханқызының айтуынша, биылғы жазғы магистрлік мектепте еліміздің жас ғалымдары шетелдік ғалымдардың дәрісін тыңдап, қандай жетістіктеріміз бар солармен салыстыра отырып оқып, жұмыс тілі ағылшын болғандықтан жастарымыз осы тілде сөйлеп, өздерін жақсы жағынан көрсетіп, үздік бітірсе, магистранттар шетелге бір семестрге оқуға барады. Мысалы, былтыр осы мамандық бойынша жазғы мектепке қатысқан алты студенттің бәрі бір семестр шетелде білім алып қайтқан.
Жазғы мектеп жұмысы университетте екі апта бойы жүреді. Білім курсын бітірген магистранттарға арнайы сертификат беріледі.
Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Суретті түсірген
Мамыржан БОТАБЕКОВ.

Сербия Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді
Президент • Бүгін, 09:15
Қаржы • Бүгін, 09:10
Елдік мүдде мен іргелі қағидаттар негізі
Саясат • Бүгін, 09:00
Әділетті Қазақстанның конституциялық көрінісі
Саясат • Бүгін, 08:55
Зергерлік бизнес жайын зерделесек...
Бизнес • Бүгін, 08:50
Қоғам • Бүгін, 08:45
Аймақтар • Бүгін, 08:40
Қоғам • Бүгін, 08:38
Балтабай ауылындағы баянды істер
Аймақтар • Бүгін, 08:35
Егіс науқаны – ерекше бақылауда
Саясат • Бүгін, 08:33
Ойын автоматтары опық жегізбей ме?
Мәселе • Бүгін, 08:30
Ғылыми-технологиялық кешенді нығайту мүмкіндігі
Саясат • Бүгін, 08:27
Алматы тау кластерінің әлеуеті жоғары: Халықаралық мамандар пікірі бір арнада тоғысты
Туризм • Бүгін, 08:25
Саясат • Бүгін, 08:22
«Экологиялық биоинженерия ғылымын дамыту өзекті»
Сұхбат • Бүгін, 08:20