Қоғам • 10 Қаңтар, 2023

Қостанайда Тәжікстанның 18 азаматы эвакуацияланды

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайлық жолшылар Тәжікстанның 18 азаматын тасжолдан эвакуациялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанайда Тәжікстанның 18 азаматы эвакуацияланды

«Жолшылар 10 қаңтар күні сағат 8:30 шамасында А22 «Қарабұтақ-Қостанай» күре жолында дизель отынымен жүретін шағын автобустан Тәжікстан республикасының 18 азаматын эвакуациялады. Көмек көрсетілгендердің бесеуі - бала. ҚазАвтоЖол қызметкерлері шетел азаматтарын жылыту пунктіне жеткізіп, ыстық тамақпен қамтамасыз етті», делінген ҚазАвтоЖол хабарламасында.

Шағын автобус А22 «Қарабұтақ-Қостанай» тасжолында Ақтөбе облысынан Тюмень қаласына қарай бет алған. Көлік блокпостқа жеткенде алдағы жол учаскесінде ауа температурасының төмендеуіне байланысты дизельмен жүретін көліктердің қозғалысына шектеу енгізілгендігі анықталды.

Жолшылар шағын автобустағы дизель отынының қатуына жол бермеу және адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Тәжікстан азаматтарын жақын маңдағы жылыту пунктіне жеткізді. Жолаушылар күн райы жақсарғанша жылыту пунктінде болды.

Қазіргі уақытта күн райының жақсарып, тасжолдың ашылғандығына орай шағын автобус сапарын жалғастыруға шықты. Тәжікстан азаматтары қазақстандық жолшыларға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді.