11 Маусым, 2014

Тұрақты өкіл Бас хатшымен кездесті

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстанның Венадағы Халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Сарыбай Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (ОПЕК) Бас хатшысы Абдалла әл-Бадримен кездесті. Кездесу барысында та­раптар Қазақстанның жаһан­дық энергетикалық ынтымақ­тас­­тықтағы рөлі мен екіжақ­ты әрекеттесу перспектива­ларын, мұнай нарығын тұ­рақ­тан­дыру бойынша ОПЕК қыз­меті мен әлемдік энергетика на­ры­ғы­ның ағымдағы жағдайын тал­қылады. Бас хатшы Абдалла әл-Бадри мұнай нарығының ағымдағы ахуалы туралы ақпараттандырып, ОПЕК мұнай өндіруді күніне 30 млн. баррель деңгейінде ұс­тай­тынын атап өтті. ОПЕК басшысы мұнай саласында Қазақстанмен ынтымақтастық орнатуға қызы­ғушылық білдірді. Тұрақты өкіл Қайрат Са­ры­­бай энергетика саласында Қа­зақ­стан кім-кім үшін де се­нім­ді стратегиялық серіктес болып табылатынын атап өтіп, Қа­зақ­станның ОПЕК-пен ын­тымақ­тастықты нығайтуға дайын екенін хабарлады. Осыған орай, Бас хатшыны үстіміздегі жыл­ғы 27 қарашада Астанада өте­тін Энергетикалық хартия кон­фе­рен­­циясының 25-ші сессия­сына қат­ысу және Қазақстанмен ынты­мақтастық перспективаларын тал­қылау үшін Қазақстанға келуге шақырды. Мұнай бағалары мен жеткізілімдерінің тұрақ­ты­лығын қолдау жөніндегі ОПЕК қызметін оң бағалады. «Егемен-ақпарат».