Елорда • 10 Қаңтар, 2023

Ертең елордалық оқушылар мен студенттер қашықтан оқиды

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертең Астанада бірінші ауысымда оқитын 0-11-сынып оқушылары мен колледж студенттері онлайн оқиды. Бұл туралы Egemen.kz қалалық білім басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ертең елордалық оқушылар мен студенттер қашықтан оқиды

«2023 жылдың 11 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11(12) сынып оқушылары, колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Астананың оқушылары мен студенттері 9 қаңтардан бері қашықтан оқып жатыр.