Медицина • 11 Қаңтар, 2023

3D имплант-омыртқа

418 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде денсаулық сақтау саласын ілгерілетуге мүмкіндік беретін түрлі ізденіс қатарында сан алуан озық технологиялы жаңалықтар болып жатқанын мақтанышпен айтуға болады. Осы қатардан табылған Ұлттық нейрохирургия орталығы әлемдік клиникалар деңгейінде диагнос­тика мен емдеудің озық технологияларын енгізу үшін жетекші ғылыми-зерттеу алаңына айналып отыр.

3D имплант-омыртқа

Ұлттық нейрохирургия ор­талығында жүзеге асы­рыл­ған бірегей жобалардың бірі – омыртқа сүйегін 3D басып шығару технологиясы бойынша жеке модельденген имплантқа ауыстыру. Нейрохирургиялық практикада алғаш рет «Ghalam» ЖШС ғарыштық ұшу аппараттарын өндірушілерімен бірлесіп науқасқа жеке 3D басып шығару арқылы имплант жасалды. Германияның Ульм қаласындағы Трав­матология және биомеханика институтында импланттарға био­механикалық тестілеу жүр­гізілді.

Қазақстан нейрохирургия орталы­ғында төрт сырқатқа дербес 3D имплант­ты қолдана отырып, омыртқа денелерін ауыстыру операциясы сәтті орындалды.

ҰНО дәрігерлері мани­пу­­ля­­ция жүргізу кезінде ком­према­ци­я­лық әсерсіз жұ­лын­ның анатомиялық және функ­ционалдық маңызды құры­лымдарын сақтауға мүм­кін­дік беретін омыртқаны ауыс­тырудың арнайы құрыл­ғы­сы мен әдісін әзірледі.

Пациенттерді бір жыл бойы бақылау аясында имплан­тқа байланысты асқы­ну­лар анықталған жоқ, өмір сапа­сының көрсеткіштері ауру басталғанға дейінгі деңгейге келді.

Осы ғылыми жобаның қорытындылары 2-ден жоғары импакт-факторы бар беделді халықаралық рецензияланатын журналдарда жарияланды, сондай-ақ монография жарық көрді.

Ұлттық нейрохирургия орта­лы­ғының қызметі барысында барлығы 7 ғылыми жоба, іске асыру сатысында тағы 3 жоба орындалды. Орталық қыз­мет­керлері өнертабыстың 10 патентіне ие болды.