Аймақтар • 10 Қаңтар, 2023

Қарағандыдағы тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болды

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды қаласындағы 16 қабатты тұрғын үйдің 8-ші қабатында газ жарылды. Зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағандыдағы тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болды

Қарағандыда төтенше жағдай орын алды. 16 қабатты тұрғын үйдің 8-ші қабатында газ жарылды.

Құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Апат орнына облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев барды.

«Оқиға орнына Қарағанды облысы ТЖД, Жедел-құтқару жасағының, Апаттар медицинасы орталығының 50 адамы мен 12 бірлік техника жіберілді», деп хабарлады  облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Жалын сағат 22:37-де оқшауланды. Алдын ала ақпарат бойынша, жарылыс болған пәтерде үш адамның денесі табылды. Тағы бір жәбірленуші ауруханаға жатқызылды.

Эвакуацияланған тұрғындарды жылыту үшін  облыстық Төтенше жағдайлар департаменті 3 вахталық автобус жіберді.