Теннис • 11 Қаңтар, 2023

Дұрбандағы додаға қатысады

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үстел теннисінен биылғы жылғы әлем чемпионатының жалауы мамыр айының екінші жартысында Оңтүстік Африка Республикасының (ОАР) Дұрбан қаласында желбірейтіні белгілі.

Дұрбандағы додаға қатысады

Ал сол жарыстың іріктеу турнирі бұл күндері Қатардың бас шаһары – Дохада өтуде. Бұл жерде сары құрлықтың ең үздік теннис­шілері өзара шеберлік байқасуда. Күні кеше ғана Парсы шығанағынан қуанышты хабар жетті. Жұптық бәсекеде Кирилл Герасименко мен Алан Құрманғалиев шешуші тұста ирандық Нима Аламиян мен Ношад Ала­миянды 4:0 есебімен ойсырата ұтып, әлемдік доданың жолдамасына иелік етті. Аралас жұптар сайысында Айдос Кенжеғұлов пен Зәу­реш Ақашеваның да асығы алшысынан түсті. Олар Үндістанның өкіл­дері – Шарат Ачанта мен Среа Акуладан 4:3 есебімен айласын асырды.

Жекелеген бәсекеде тоғыз жерлесіміз өнер көрсетіп, солардың арасынан тек Кирилл Герасименконың жолы болды. Ол Сауд Арабия­сының спортшысы Халид әл-Шарифті бас көтертпей ұтты.