Қоғам • 11 Қаңтар, 2023

Депутат Елнұр Бейсенбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

547 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Депутат Елнұр Бейсенбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

«Мәжіліс депутаты Бейсенбаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтінішхат берілгеніне байланысты Орталық сайлау комиссиясы Конституцияның 52-бабына және 24-баптың 3 және 8-тармақтарына сәйкес ұсыныс енгізеді. Мәжіліс депутаты Бейсенбаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселе бойынша шешім қабылдау үшін «Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы» заңға қолдау көрсетулеріңізді сұраймын», деді депутат Шавкат Өтемісов Мәжіліс отырысында. 

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Бейсенбаевқа бірлесіп атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, табыс тіледі.

Еске сала кетейік, Елнұр Бейсенбаев «Аманат» партиясының жауапты хатшысы болып тағайындалған еді.