Елорда • 11 Қаңтар, 2023

Астана әуежайында 23 рейс кешігіп жатыр

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

11 қаңтарда Астана халықаралық әуежайында 23 рейс ұшып келу рейсін кейінге қалдырды. Қазір әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр, деп жазады Egemen.kz.

Астана әуежайында 23 рейс кешігіп жатыр

«Сағат 10:00-дегі жағдай бойынша 14 рейс ұшып келуге, 9 рейс ұшуға кейінге қалдырылды. Оған себеп ұшақтардың кешігіп келуі», деп хабарлады Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметінен.

Әуежайда қардан тазарту, оның ішінде ұшу-қону жолағында тұрақты жұмыс жүргізіліп жатыр.

Жолаушылар соңғы ақпаратты авиакомпаниялардың байланыс орталықтарынан біле алады.