Қазақстан • 11 Қаңтар, 2023

«Болашақ» стипендиясына құжат қабылдау басталды

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2023 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуға құжаттар қабылдау төрт кезеңнен тұрады. Құжат қабылдаудың алғашқы кезеңі биыл 27 қаңтарға дейін жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Болашақ» стипендиясына құжат қабылдау басталды

Екінші кезең – 2023 жылғы 3 сәуір мен 28 сәуір аралығында, одан кейін 5 маусым мен 7 шілде аралығында және 17 шілде мен 15 қыркүйек аралығында жүргізіледі.

Конкурстық іріктеу 2023 жылғы 20 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында өтеді. Өтінімдер Egov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы қабылданады. Биыл магистратура және резидентура бағдарламаларына 395 стипендия, докторантураға 50 стипендия, тағылымдамадан өту үшін 110 стипендия бөлінді.

Ұсынылатын ЖОО-лар тізімі әлемнің 27 елінен 236 университетті қамтиды. Басым мамандықтар тізбесіне 262 мамандық кірді.