Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, автобуста 3 Қазақстан азаматы мен 38 Өзбекстан Республикасының азаматы болған. Ауа райының қолайсыздығына байланысты, жолдың жабық болу салдарынан барлық жолаушылар Ырғыз ауылындағы орта мектепке орналастырылған.
Сондай-ақ бүгін Әйтеке би ауданында «Самара-Шымкент» тасжолының 968-ші шақырымында, Қарабұтақ кентінен 2 км жерде жолаушылар автобусы тұрғаны туралы ақпарат келіп түскен. Автобуста барлығы 31 адам болған, олар Өзбекстан Республикасының азаматтары.
«Ауа райының қолайсыздығына байланысты, жолдың жабық болу салдарынан барлық жолаушылар, Қарабұтақ ауылының мешітіне орналастырылды», делінген хабарламада.