Тағайындау • 11 Қаңтар, 2023

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы тағайындалды

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алмас Исақов Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аппарат басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы тағайындалды

Ол 1985 жылы 25 мамырда дүниеге келген. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін және Ұлыбританияның Эксетер университетін бітірген, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты.

Еңбек жолын 2009 жылы Астана қаласы бойынша кедендік бақылау департаментінің маманы болып бастаған.

2010-2012 жылдары Алматы қаласы бойынша салық департаментінің бас маманы қызметін атқарды.

Одан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Экономикалық даму және бюджеттік жоспарлау министрлігінде сарапшы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінде Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарған.

Ақпараттық-талдау орталығының жедел талдау секторының меңгерушісі және Премьер-министр Кеңсесінің Жобаларды басқару орталығының бас инспекторы болды.

2019-2021 жылдары ҚР Сауда және интеграция министрлігіне қарасты Стратегия департаментінің директоры болған.

2021 жылдың ақпанынан 2023 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің қаржы нарықтары секторының меңгерушісі болып қызмет еткен.