Теннис • 12 Қаңтар, 2023

Қоржынымызда – тағы бір жолдама

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұған дейін біз үстел теннисінен Қа­тар­­дың астанасы – Дохада әлем чем­­пио­­натының іріктеу турнирі өтіп жат­қаны және сол жарыста Қазақстан құрамасы екі жолдамаға иелік еткені жайында жазған едік.

Қоржынымызда – тағы бір жолдама

Кеше Парсы шығанағынан тағы бір қуанышты хабар келіп жетті. Еліміздің ең үздік үстел теннисшісі Кирилл Гераси­менко шешуші тұста сингапурлық Кла­ренс Чжэ Юды 4:1 есебімен ұтып, әлем чемпио­натының жолдамасын еншіледі. Әрине, оған еш таңдануға болмайды. Өйткені 26 жастағы Кирилл осыған дейін де көптеген халықаралық жарыста табысты өнер көрсетіп, сан мәрте жеңіс тұғырына көтерілді. Ол 2016 жылы Рио-де-Жанейро және 2021 жылы Токио Олимпиадаларына қатысты. Бірер жыл Германияның бундеслигасында бақ сынады. Бүгінде Герасименко әлемдік рейтингте 30-орынды иеленіп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін жұптық бәсекеде Кирилл Герасименко мен Алан Құрманғалиев және аралас жұптар са­йы­сында Айдос Кенжеғұлов пен Зәуреш Ақа­­шева жолдаманы қалталарына басқан еді.