Қоғам • 12 Қаңтар, 2023

«Балдәурен» сауықтыру орталығының басшысына қатаң шара қолданылады

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.

«Балдәурен» сауықтыру орталығының басшысына қатаң шара қолданылады
Аталған лагерьде демалып жүргенде кенеттен көз жұмған 14 жасар жеткіншектің өліміне байланысты министрлік жанынан арнайы комиссия құрылды. Оның құрамында Балалардың құқығын қорғау комитеті, білім басқармасы мен құқық қорғау органдарының өкілдері бар.
 
Айта кетсек, Денсаулық сақтау министрлігі мен өзге де құзыретті органдар аталған жағдайға байланысты тексеру жұмыстарын бастап кеткен. Ал қазіргі жасалған сараптама нәтижесі баланың IV дәрежелі қатерлі ісікпен ауырғанын көрсетті. 

«Барлық мәселелер әділетті түрде қатаң тексеріледі. Ол менің жіті бақылауымда. Комиссияның тексеру қорытындысы бойынша лагерьдің басшылығына қатаң тиісті жаза қолданылатынын атап өткім келеді. Қалған мәселелерге қатысты құқық қорғау органдарымен бірге тексеру жүргізіліп жатыр. Барлық мәселелер толық анықталғаннан кейін нақты шешім туралы хабарлайтын боламыз», деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.