Аймақтар • 12 Қаңтар, 2023

Ақтауда техникалық қызмет көрсету станциясында жарылыс болды

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау қаласындағы техникалық қызмет көрсету станциясында болған жарылыс туралы толық мәлімет берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Ақтауда техникалық қызмет көрсету станциясында жарылыс болды

ТҚС қызметкері қайтыс болды, күйік шалған тағы үш ер адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жатқызылды.

Бүгін сағат 18:20-да Маңғыстау облысы ТЖД «101» пультіне Ақтау қаласындағы техникалық қызмет көрсету станцияларының бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. 

Төтенше жағдайлар министрлігі өрт кезінде 6 тұрмыстық газ баллоны жарылғанын хабарлады.

Бұл ретте өртті жою барысында өрт сөндірушілер өз өмірлеріне қауіп төніп тұрған тағы 17 газ баллонын шығарып үлгерді. Өрт сағат 18:48-де сөндірілді. Өрт аумағы 50 шаршы метрді құрайды. 

Өртті ауыздықтауға 25 өрт сөндіруші-құтқарушы қызметкерлері жіберілді. Сондай-ақ 6 бірлік өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Оқиға орнына ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жіберілді.