Үкімет • 13 Қаңтар, 2023

Әлихан Смайылов Алматыдағы ЖЭО жұмысын тексереді

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Премьер-министр Әлихан Смайылов өңірдегі жағдаймен танысу және жергілікті жердегі өзекті мәселелерді талқылау үшін жұмыс сапарымен Алматы облысына барады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Әлихан Смайылов Алматыдағы ЖЭО жұмысын тексереді

Атап айтқанда, Үкімет басшысы бірқатар аграрлық және өнеркәсіптік кәсіпорында болып, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездесу өткізеді, Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының құрылысы мен қалалық ЖЭО жұмысын тексереді.

Бұдан басқа, Әлихан Смайыловқа облыс орталығын одан әрі дамыту, «G4 City» жобасын іске асыру, сондай-ақ жаңа тұрғын үй салу жоспарлары ұсынылатын болады.