ANTIKOR • 13 Қаңтар, 2023

Көкшетауда бюджет қаражатын жымқырған шенеунік сотталды

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкшетау қаласында бюджет қаражатын жымқырған Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көкшетауда бюджет қаражатын жымқырған шенеунік сотталды

Көкшетау қалалық сотының үкімімен Ақмола облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары М.Қансейітов кінәлі деп танылып, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан шектеліп, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сол үкіммен «Сарапшы Арсенал» ЖШС құрылтайшысы Б. Шаймерденов пен «Көкшестрой Технадзор» ЖШС техникалық қадағалау инженері О. Ренн кінәлі деп танылып, сәйкесінше 7,5 және 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Оларға мемлекеттік қызметте 5 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айыру түріндегі жаза қолданылды.

«Тергеу барысында сотталғандардың Щучинск қаласында жүз пәтерлік тұрғын үй салуға бөлінген 50,5 миллион теңге көлемінде құрылыс монтаждау жұмыстары нақты орындалмағаны үшін бюджет қаражатын ұрлағаны дәлелденді. Үкім заңды күшіне енген жоқ», делінген ANTIKOR хабарламасаында.