Аталған факті ҚР ҚК 233-бабының 2-бөлігі «Акцизделетін тауарларды таңбалау тәртібі мен ережелерін бұзу» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
«Алкоголь өнімінің заңсыз айналымы мемлекетке және алкоголь өнімінің айналымын жүзеге асыратын бизнестің заңдастырылған субъектілеріне елеулі залал келтіреді. Осыған байланысты кәсіпкерлік субъектілері лицензия алу және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметті жүзеге асыру туралы ойлануы керек», делінген Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті таратқан хабарламада.
Алкоголь өнімінің заңсыз айналымын анықтау жұмыстары әлі де жалғасады.