Сайлауға облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың 255 депутаты қатысып, таңдауларын жасады. Дауыстарды санау қорытындысында облыс әкімінің орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов басым түсіп, Сенат депутаттығына өтті.
Айта кетейік, Ғауез Торсанұлымен бірге №2 емхананың бас дәрігері Самат Шүменбаев пен «Аmanat» партиясы облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Жанар Қойшинова додаға түскен еді.