Оқиға • 14 Қаңтар, 2023

Шу станциясында аса ірі көлемде есірткі тәркіленді

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көлік полицейлері Шу станциясында Алматы облысының тұрғынынан аса ірі мөлшерде есірткі затын тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ-ге сілтеме жасап.

Шу станциясында аса ірі көлемде есірткі тәркіленді

Биылғы 10 қаңтарда қызметтік ит Шу станциясында Алматы облысының тұрғынын тексеру кезінде есірткі затын тапты. Оның сөмкесінен жалпы салмағы 12 келі 480 грамм «марихуана» есірткі заты табылып, тәркіленді. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев айтты.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296 - бабы 4-бөлігі, яғни есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады»,  деді Б. Малыбаев.
                                                                                                                  
Күдікті Шу ауданында жабайы қарасора жинап, оларды Алматы қаласына темір жол көлігімен тасымалдауды жоспарлағаны анықталды.

«Қазіргі уақытта ұсталған азамат полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу жүргізілуде», деп түйіндеді сөзін полиция полковнигі.