Әлем • 15 Қаңтар, 2023

Перуде төтенше жағдай жарияланды

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Перуде наразылықтарға байланысты 15 қаңтардан бастап елдің кейбір аймақтарында, соның ішінде ел астанасы Лимада төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Перуде төтенше жағдай жарияланды

Куско, Кальяо, Лима және Пуно аймақтарында 30 күндік мерзімге төтенше жағдай енгізілді. 

Ішкі тәртіпті Перу ұлттық полициясы мен қарулы күштер қамтамасыз етеді. 

Оңтүстік Америка елінің көптеген қалаларында өтіп жатқан үкіметке қарсы мыңдаған шерулерге қатысушылар президент Дина Болуартенің отставкаға кетуін, Конгрессті таратуды және мерзімінен бұрын сайлау өткізуді талап етіп отыр. 

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Перуде 2022 жылдың 11 желтоқсанынан бері өтіп жатқан наразылық шерулерінің құрбандары саны - 48, жараланғандар саны 700-ден асқан.