Коронавирус • 16 Қаңтар, 2023

Елімізде коронавирус жұқтыру дерегі азайып келеді

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен тәулікте 56 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық  сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елімізде коронавирус жұқтыру дерегі азайып келеді

16 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 159 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, олардың ішінде 220 пациент стационарда, 1 939 науқас амбулаториялық деңгейде.

«КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 8 адамның жағдайы ауыр, 6 пациенттің жағдайы өте ауыр, 4 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», делінген министрлік хабарламасында.