Білім • 16 Қаңтар, 2023

Алматылық оқушылар дәстүрлі форматта оқуға көшті

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгіннен бастап алматылық оқушылар мен студенттер білім ордасына барып оқиды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматылық оқушылар дәстүрлі форматта оқуға көшті

«16 қаңтардан бастап 0,1-11 (12) сынып оқушылары мен колледждердің бірінші және екінші курс студенттері дәстүрлі оқуға көшіп жатыр. Қазгидрометтің мәліметінше, 16 қаңтарда Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел екпіні - 0-5 м. /с. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 7-9 аяз», делінген қалалық білім басқармасының хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін 12-13 қаңтарда Алматыда аязға байланысты мектеп оқушылары мен колледждің бірінші және екінші курс студенттері онлайн білім алған еді.