Әлем • 16 Қаңтар, 2023

Қырғызстанда Ыстықкөл көлі қатып қалды

634 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қатты аяз салдарынан Қырғызстандағы Ыстықкөл қатып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қырғызстанда Ыстықкөл көлі қатып қалды

«Хабар 24» ақпараты бойынша, Қырғызстанның солтүстігіндегі температура -30 градусқа дейін төмендеді.

Жергілікті тұрғындар бұл құбылысқа алаңдаушылық білдірді. Әдетте Ыстықкөл мұзбен жабылмайды. Бұл ретте су қоймасының атауы «Ыстық көл» деп аударылуы кездейсоқ емес. Бұл оған құятын өзендерден жинақталған жылу қорына байланысты.